Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Скачать бесплатные шаблоны Joomla

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспарын және мемлекет басышысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 2018 жылы 27 ақпан облысымыздың зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Қазақ тілінің латын графикасына көшу тиімділігі» атты диалогтық алаң өткізілді.

Аталмыш іс-шараға филология және тарих факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қуаныш Советұлы Ерғалиев, қазақ тілі және әдебиеті кафедарысының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әділбек Дәуітбекұлы Әміренов, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы қатысты.

Диалог алаңы көтеріліп отырған мәселеге байланысты үш топқа бөлініп, өзара пікір алмасу жасады. Бірінші топ - аймағымыздың ғалымдары, латын әліпбиінің қолдану аясы, тілдік заңдылықтары туралы және оның таңбасының дұрыс қолданысқа енгізу туралы пікірлерін білдірді. Екінші топ - зиялы қауым, үшінші топ - жастар ортасы бұл пікірге қосыла отырып, олар да өз пікірлерімен ой бөлісті.

WhatsApp Image 2018-02-27 at 19.45.49