Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Шаблоны Joomla 3 тут

Ә. Әміренов

ф.ғ.к., ПМПУ, қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі

 Кез келген өркениетті елдің мәдениеті оның  материалдық және рухани құндылықтарымен өлшенеді. Мәдениет (араб. مَدَنيًة – қалалық, өркениет; латын. сultura – өңдеу, егу) – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Дефинициялап жеткізсек, адам жасаған екінші табиғат, яғни ноосфера. Ноосфера (грек. Noos – ақыл-ой, сана, sphaira – шар деген ұғымды білдіріп, «саналы қабық» деп аталады) атауын алғаш қолданысқа енгізген француз Э. Лepya мен П. Тейяр де Шарденнің айтуынша «ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын «ойлау қабығы». Ноосфераның, яғни ақыл-ой сферасының дамуына алғаш түрткіжай болған – жазу. Жазу – адамның ой-пікірін, басқа адамға хабарлап айтқысы келген сөзін, мағлұматын таңбалар арқылы жеткізуді қамтамасыз ететін белгілер жүйесі. «Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің заманымызға дейінгі талай ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін де осы – жазба тіл. Көптеген замандарда жасалған және біздің заманымызда жасалып отырған мол рухани мәдениетті бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден – дәуірге жеткізетін де – осы жазба тіл».

Адамзат тарихында жазудың төрт кезеңін бастан өткізді. Олар: неолит дәуіріне жатқызылып жүрген пиктографиялық (суретті) жазу, идеографиялық жазу, буын жазуы және ең соңғы жетілген түрі дыбыстық жазу. Осы жазулардың барлығы қазіргі Қазақстан аумағынан табылған жазулар. Мәдени құндылықтар. Өркениеттілік белгісі.

Жазудың дамып жетілген түрі дыбыстақ жазудың ең ежелгі түрі – көне түркі жазуы. Қазақ халқының жазу тарихының қайнар көзі осы байырғы түркі жазуынан басталады.