Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Здесь нашел интересный обзор

100-novykh-uchebnikov-ha-kaz-yaz-5

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған оқулықтарды талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

100-novykh-uchebnikov-ha-kaz-yaz-2

Іс-шараны ұйымдастырушылары – ғылым Департаменті, Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана, ЖОО жас ғалымдар кеңесі. Дөңгелек үстелдің модераторы – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, химия ғылымдарының докторы, профессор А. К. Свидерский.

Қазақ тіліне аударылған оқулықтар «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасының іске асуының алғашқы алғышарты болып табылады. Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша кітаптардың алғашқы партиясын алды. Енді біздің студенттер де бүкіл әлемнің студенттері білім алып жүрген оқулықтарынан да білім нәрін сусындауға мүмкіндік алды.

Александр Константинович Свидерскийдің айтуы бойынша, ол кітаптар ендігі кезекте біздің студенттерімізге де қол жетімді болып келеді.

Барлық кітаптар арнайы көрмеге шығарылды. Көрме кітаптарының арасында қоғамдық және гуманитарлық білім жөніндегі кітаптар болды: философия, тарих, саясаттану, мәдениеттану, филология, әлеуметтану, антропология, экономика және психология.

100-novykh-uchebnikov-ha-kaz-yaz-3

Іс-шара қатысушылары – университеттің жетекші ғалымдары, Жас ғалымдар кеңесі, оқытушылар, қызметкерлер және студенттік актив. Өз сөзінде философия ғылымдарының докторы, профессор К. Г. Нигметжанов, заң ғылымдарының кандидаты, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті В. Н. Жамулдинов, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, РhD докторы Н. А. Алпысбай оқулықтарға және олардың мазмұнына толықтай тоқталып кетті. Қатысушылар аталған жобаның маңыздылығын атап кетті.