Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Статьи и обзоры nachodki.ru

2018 жылы 29 маусымда «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ПМПУ «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әміренов Әділбек Дәуітбекұлы Павлодар облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінде (ТЖД) қазақ жазуының латын графикасына көшуіне байланысты «Жаңғыру жазудан басталады» атты дискурс-семинар өткізді.

TGD

Департамент қызметкерлері қазақ әліпбиінің тарихы жайлы толық ақпарат алды. ТЖД қызметкерлері қазақ жазуы тарихындағы түркі жазуынан бастап, орта ғасырдағы араб, 1929-1940 жылдардағы латын, 1940 жылдан бері қарай қолданылған Кирилл әліпбиі жөнінде ақпарат алды. Сондай-ақ дискурс-семинар барысында қазіргі ұсынылған латын әліпбиі нұсқасына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, қызметкерлер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Отырыстың нәтижесінде ТЖД қызметкерлері қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін бірауыздан қолдап, мемлекеттік тілдің мәртебесі латын жазуы арқылы  алға басатынына нық сенім білдірді.

TGD2

 TGD3