Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Интернет-магазин nachodki.ru

Құрметті ұстаз қауымы,

бүгін сіздердің шуақты мерекелеріңіз!

Ұстаз – ұлағатты есім. Біздің ұлы жерлесіміз, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша “...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”. Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер!

Кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. 55 жыл астам ұрпақ тәрбиесі жолында адал қызмет етіп келе жатқан білім ордамызда – ПМПУ-те - шәкірт тәрбиелей жүріп, ұстаздығың шығармашылық жұмыспен ұштастыра білетін, білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар аз емес. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін!

Баршаңызды мерейтойларыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, жаңа шығармашылық табыстар, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Құтты болсын мерейтой, ұстазымыз,

Орындалсын ойға алған арманыңыз.

Болашаққа білім мен жол сілтеген

Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.

Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,

Береке-ынтымақпен орта толсын!

«Рухани жаңғыру»

 ғылыми-практикалық  орталығы