2018 жылдың 11 қазан күні университет профессоры, филология ғылымының докторы Сағындықұлы Бекен Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының шақыруымен Ертіс ауданында іс сапармен барды.
«Аударма мәдениеті, ресми құжат сауаттылығы мен мемлекеттік тілді сапалы оқыту жолдары» тақырыбындағы өткен көшпелі семинар барысында қазақ тілі мұғалімдері мен аудан аудармашыларына (барлығы 25 адам) «Латын негізді әліпбидің қолданыстық ерекшеліктері» тақырыбында дәріс оқыды. Рухани жаңғыру бағытындағы қазіргі жазудың алатын орнын барынша дәлелді пікірлерімен толықтырып, қойылған сұрақтарға жауап берді.