Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

http://nachodki.ru/

IMG 20181018 154514

Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана «Шәкәрім мұрасы – таусылмас қазына» атты әдеби поэзиялық кеш ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналды. Кешті жүргізген ПМПУ студенттері Жиналған Аманболсын мен Исабекова Балнұр, оқырмандар Шәкәрім Құдайбердіұлының өмір жолы мен шығармашылығы жайлы, ақынның философиялық ойлары туралы бейнежазбасын тыңдады және «Еңлік-Кебек» поэмасынан үзінді көрсетілді. Сондай-ақ Несібелді, Гүлнаурыз Зұлпыхар Гүлнаурыз, Арайлым Оңғарбай, Айнұр Әлиакбар ақынның өлеңдері мен поэмаларын мәнерлеп оқыды.

IMG 20181018 153731

Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Шәкәрім Абайдың ең талантты шәкірттерінің бірі, әрі ең мол мұра қалдырған шәкірті және інісі. Абайдың классикалық шығармаларының бірі – «Сегіз аяқ». Осы әнді орындаған ПМПУ студенті Мизан Жұмәлі.

Ғылыми кітапхана ұйымдастырған кеш өте тартымды, әсерлі болып өтті.

IMG 20181018 154157