Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Joomla модули на http://joomla3x.ru и компоненты.

Кеше, яғни 2018 жыл 25 қазан күні, Павлодар облысы әкімдігі Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция және «Ұлттық ономастика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада университетіміздің профессоры, филолология ғылымының докторы Сағындықұлы Бекен «Қазақ мәдениетінің тірегі» тақырыбында баяндама жасап, іс-шараға модераторлық қызмет атқарды.

WhatsApp Image 2018 10 25 at 22.20.51

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының басшылығы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары М.М.Бегентаевтың және Павлодар облысына қарасты аудан/қала әкімдерінің орынбасарлары, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, қала мекетептерінің мұғалімдері мен жоғары мектеп ғалымдары қатысқан мәжіліс жоғары дәрежеде өтті.

Университет ғалымы Сағындықұлы Бекеннің баяндамасына қызығушылық танытқан Тіл саясаты комитетінің басшысы ризашылығын білдіріп, Рлғыс білдірді. Оған Орфографиялық жұмыс тобының мүшелігіне өтіп, бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

WhatsApp Image 2018 10 25 at 22.20.53