Рухани жаңғырудағы басты код – латын негізді жазу жайттарын жұртшылыққа таныстыру. Оның үстіне жаңа емле ережелерін түсіндіру жұмыстары басталып кетті. Түсіндіру жұмысына біздің университет ұстаздары да ат салысуда. Мәселен, ағымдағы жылдың 07 қараша күндері филология ғылымының докторы, профессор Сағындықұлы Бекен Май ауданы мен Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесуге қатысты.
Жұртшылық тарапынан болған сұрақтарға жауап берді. Тұрғындар арасында жаңа жазуға деген құлшыныс артқан. Тек жазу каллиграфиясы мен дыбыс айтылуындағы бірізділікті сақтауға қатысты пікірлері бар. Сағындықұлы Бекен осы бағыттардағы сұрақтарға толықтай жауап берді.