Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Расширения Joomla 3

Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақасын іске асыру шеңберінде «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің жаңа белесі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

a3dbb0144392499dca93d6e9ef54bee0 resize w 520 h

Оған ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Қуат Борашев, А. Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Әзірбайжан Республикасы, Баку мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Фируза Ағаева қатысты.

Алғашқы сөз кезегін алған Павлодар облысы әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев республикалық деңгейдегі маңызды шара ұйымдастырылып жатқанына аймақ басшысының атынан ризашылығын білдірді.

- Тіл - мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі, - деді Мейрам Бегентаев. - Ана тілінің қадір-қасиетін білген халық тілді ұлттық қазынаға балайды. Латын графикасына көшу қазақ халықының алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне ықпал етері анық. 80 пайыздан аса ақпарат латын әліпбиінде басылады. Барлық цифрлық технология латын графикасында жүзеге асырылады. Бүкіл әлем ақпарат таратуда латын графикасын таңдайды. Жастардың 100 пайызы интернетті қолданады. Сондықтан жас буын үшін латын графикасын меңгеру тиімді болады. Бұл - дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатында шетелдіктердің еліміздің тарихы мен мәдениетін түсіну үшін жасалған ең оңай жол. Бүгінде қазақ тілін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру туралы республикалық жоспар негізінде облыста іс-шаралар  ұйымдастырылуда. Бұл - заман талабы әрі ел үшін маңызды қадам.

Қуат Борашев 26 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың латын гарфикасына көшіру туралы әліпбиді бекіткеніне быр жыл толатынын атап өтіп, бір жылдың ішінде атқарылған жұмыстарға тоқталды.

- Бір жылдық белестің алдындағы кездесу тарихи кезең, ұлтымыздың тарихындағы ұлы бетбұрыс, - дейді Қуат Борашев. - Халықтың ұсыныс-тілегі бойынша жаңа нұсқасына қосымша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Арнайы ұлттық комиссия құрылып, отырыстар өзкізілді. Төрт жұмыс тобы құрылды: орфографиялық, әдістемелік, терминологиялық және ақпараттық- технологиялық.

Комитет төрағасының айтуынша, ұлттық комиссияның қарауына төл пернетақтаның бес нұсқасы ұсынылған. Оның ішінде соңғы үш нұсқасы мектептерде апробациядан өтуде.

- Дайындықты ұйымдастыру кезеңі аяқталды, - дейді Қуат Борашев. - Енді келесі жылы нақты іске кірісеміз. 2019 жылы даярлық сыныптар латын графикасына көшеді, ал 2020 жылы 1 сынып оқушылары бастайды. 2021-2025 жылдар аралығында төлқұжаттарымыз, нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік басылымдар латын графикасына көшіріледі. 2025 жылы толық көшіп бітіру керекпіз. Біз қазіргі таңда ұлы көшке жүріп келе жатырмыз. Халық даналығында «Келе жатқан керуенді кері бұрма», дейді. Сондықтан қазірден бастап әрбір азамат осы үлкен тарихи кезеңге дайындықты бастауы керек.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: baq.kz 

pavlodarnews.kz