Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Интернет-магазин nachodki.ru

25.10.2018 ж. Елбасының «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана «Жасында жарқ еткен ақын» атты әдеби поэзиялық кеш керекулік ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналды. Ақынға арналған кеш өмірбаяны туралы бейнебаян көрсетілімінен басталып, ХМ-11 факультеттерінің студенттері ақынның «Оқып жүрген жастарға», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Туған еліме», «Алаш ұраны» өлеңдерін мәнерлеп оқуларымен жалғасты. Кештің қонағы филология ғылымдарының докторы, ПМПИ профессоры С.Н. Сүтжанов студенттерге Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы қызықты мәлімет беріп, Сұлтанмахмұт халықты, жастарды дүниелік оқуға, өнер, кәсіп үйренуге, мәдениетке жетілуге, өркениетті елдерден үлгі алуға, сөйтіп, ілгері өркендеуге, басқалармен теңелуге шақырды және тағылымы мол шығармаларын келешек ұрпаққа үлгі екенін айтып өтті.

IMG 20181025 140936

Сұлтанмахмұт Торайғыров жастарға:

Ұмтыл, ілгері аяқ басқан қандай!

Фән оқып, тараққиға асқан қандай!

Өнер, ғылым толып тұр бастарында.

Өзіне от, жел, суды жалшы қылып,

Алланың сайран етер аспанында! – дегендей ақын жастарды солардай болайық, жабыла ғылым үйренейік, елді ілгері бастыруға, басқалармен теңелдіруге қызмет етейік деп шақырды.

Ақиық ақынға арнап өзінің өрнекті жыр арнауымен келген ПМПУ студенті Жиналған Аманболсын өлеңін оқыды.

IMG 20181025 145006

Шара барысында студенттер ақын шығармашылығы арқылы өздерінің поэзияға деген сүйіспеншілігін ұштады.  Ақынның мерей тойына ән жырдан шашу сыйлаған ПМПУ студенттері Бати Досулан және Арайлым Болат.

Ғылыми кітапхананың оқу залдарында С.Торайғыровтың 125 жылдығына арналған кітап көрмелері, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ұлы ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасынан кітаптар, энциклопедиялар мен мерзімді басылым беттерінен мақалалар оқырман назарына ұсынылды.

IMG 20181025 142308

IMG 20181025 151348