Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Все для Joomla . Бесплатные шаблоны и расширения.

Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасына талқылау жасалынды. Отырыс барысында Елбасының «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы негізінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарды дамытуға бағытталған «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын талқылау орын алды. 

 12

 

«Жаңа  гуманитарлық білім,  қазақ  тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы, әлемнің  озық, заманауи  және таңдаулы үлгілері  негізінде  жастарға жаңа деңгейдегі  сапалы  білім беруді  қамтамасыз  етуді көздейді. Қазақстан  әлемнің 30  дамыған  елінің қатарынан  табылуды мақсат тұтқан  мемлекет. Бұл  бірінші кезекте  жалпы  халық болып  жұмылатын  іс. Өйткені ондай  меже  қарапайым халықтың  өмір  сапасына әсер ететіні анық  және  оны іске  асыру  үшін әрбір  адамның  өмір сапасын  белгілі  бір деңгейге  көтеру  қажет. Алайда бұл  жоспар  өздігімен болмайтынын  ескерсек,  билік қана  емес  әрбір азаматтың  сол  бағытқа қарай  өзгеруі  талап етіледі. Сондықтан да Елбасының  бағдарламалық  мақаласындағы сананы  жаңғырту  бағытында жүктелген  міндеттер  мемлекеттік аппараттың  ғана  емес, қоғамдағы  әрбір азаматтың   жауапкершілігін  де айқындап отыр.

11

Ең  әуелі, әр  адам  өзінің білімі  мен  біліктілігіне,  мәдениеті, жеке  тұлғалық қасиеттеріне,  өмірлік  дағдыларына мән  беру  қажет. Заман көшінен  қалыс  қалмас үшін  әрқайсымыз  «Мен тұлға және  маман ретінде өзімді  қалай  жетілдіруім керек» деген  сұрақты  өзімізге қоюымыз  қажет.