Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Интернет-магазин nachodki.ru

2018 жылғы 11 мамыр күні ұтып алынған грант аясында Павлодар облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысымен берілген ПМПУ-дың ұйымдастыруымен түркі тілдес халықтар жазбалар күніне арналған концерт өткізілді.

den-tyurkskikh-yazykov-1

Концерттік бағдарлама бастамасы бабалар құндылығынан сыр шертетін Ұлы дала өрнегімен өрнектелген «Қобдиша», «Мәдени мұра» ұйымдарының жәрмеңкесінен бастау алып, Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті жанынан ашылған оркестордың бабалар үнін жеткізетін әуенмен жалғасын тапты.

den-tyurkskikh-yazykov-2

Түркі тектес халықтардың барлығына ортақ, бүгінде Рухани жаңғыру аясында қолға алынған латын жазуының табиғаты, жалпы түркілік сипаты, жазу тарихындағы қыр-сырын қамтитын видеоролик көрсетіліп, көп ұлтты Қазақстан тынысындағы қазақ, татар, әзірбайжан, өзбек, қабардин-балқар сияықты Павлодар облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдарының шығармашылық қырларын қамтитын танымдық кешке айналды.

den-tyurkskikh-yazykov-5

Сонымен қатар, тіл мәртебесін арттыру мақсатында түрлі қызметтер атқарып жүрген азаматтар (Х. Ш. Гулов, Ғ. Е. Иманбаева, Б. С. Сыздықов, А. Н. Мирахмедов, Э. С. Паули) алғыс хат және сыйлықтармен марапатталды.