Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Все для Joomla . Бесплатные шаблоны и расширения.

10.10.2018 ж. Е. Бекмаханов атындағы кітапхана керекулік ақын, бірнеше кітаптың авторы, айтыс ақшолпаны, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Шолпан Байғалықызымен «Жүректен тулап шықты өлең» атты әдеби кеш өткізді.

IMG 20181010 150407

ПМПУ студенттері Аманболсын Жиналған, Хамит Қанайбек, Бақыт Мұса, Ұлжан Әбсадықова, Балнұр Сәбит, Айда Ануар, Рамазан Бауыржан, Болат Пернебек  аяулы ақынның сағыныш пен арманға толы өлеңдерін жатқа айтып, 70 жас мерей тойымен құттықтап, әсем әндер шырқалды. Мерекелік іс-шараға Шолпан Байғалы да құр алақан келмегенін көрсетіп, өз шығармашылығынан шашу шашты, өлең сүйер қауымды түрлі сезімге бөледі. Әдеби кеште жас ақындар Мизан Жұмәлі мен Аманжол Биибала арнаумен және суырып салма айтыспен жалғасты.

Жиын соңында Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапхана директорының орынбасары Төлеубаева Қарлығаш Көбетайқызы мерейтой иесін құттықтап, сыйлығы мен әдемі гүл шоқтарын сыйлады. Ізгі тілегін айтып шығармашылығына табыс тіледі. Шара өте тартымды өтті.

IMG 20181010 164537

Шолпан Байғалы шара туралы:  Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханада кездесу емес, ғылыми сабақ өткен секілді. Студенттердің терең де, мазмұнды қойған сұрақтарына қосылып та, тосылып та қалған жайым бар. Бүгінгі жастардың зердесі,танымы таңдай қақтырарлық десем бәлкім бірерулер келіспейтін шығар.Қыздарымыздың жанарларынан жан-жақты,әр нәрседен хабарлары бола тұрса да, әлі де білмейтінім көп қой, одан әрі біле түссем деген от-жалынды байқадым.Менің өлеңдерімді талдап шыққан Рамазан Бауыржанның болашағы жарқырап тұр деп ойладйм. Қытайдан келген Мизан Жұмәлі мен шымқалалық Аманжол Бииланың айтысына, табанда ой-түйіп, сөз қағысынан туған жер, атамекен, өскен елге деген махабаттарына сүйсіндім. Павлодар педагогикка университеті қыз-жігіттерімізге терең білім мен парасатты тәрбие беріп жатыр. Құттықтауларыңа ризашылығымды білдіремін.