Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Здесь нашел интересный обзор

ПМПУ-тің Е.Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз Қабдыкәрім Ыдырысовтың 90 жылдығына арналған «Туған жерім – төрім мәңгілік» атты әдеби кеш өтті.

yidyrysov-1

Аталмыш кешке Қабдыкәрім Ыдырысовтың әдеби мұрасын зерттеп, насихаттауға үлкен үлес қосып жүрген журналист, «Сарыарқа самалы» газетінің редакторы – Н. Қ. Жайыбаев, танымал журналист, жазушы әрі ақын Ғ. С. Жұматов, ПМПУ филология ғылымдарының докторы С. Н. Сүтжанов және Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің әдіскері Маржангүл Хазыханқызы, сондай-ақ ПМПУ студенттері қатысты.

yidyrysov-2

Шара барысында студенттер ақынның «Керекуім», «Күлші ана, күлші тағы да!», «Туған жер» т.б. өлеңдерін  «Әке жолы» поэмасынан үзінді оқып, атақты тұлғаның «Қайдасың, достарым?» атты әнін орындады. ПМПУ-тің жас ақындары Рамазан Бауыржан, Март Асылбектің шығармашылық өлеңдері жиналған қауымның көңілдерінен шықты.

Сонымен қатар, әдеби кеш аясында «Туған жерім – төрім мәңгілік» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

yidyrysov-3