Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Интернет-магазин nachodki.ru

     С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханасының мәжіліс залында «Өлкетану» оқулығының тұсауы кесілді. Көптен күткен оқулықтың тұсаукесер рәсіміне ғалымдар мен ұстаздар, зиялы қауым өкілдері жиналды. Шараның беташар сөзін алған облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев: «Бұл оқулық Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының аясында жарыққа шықты. Тамыры жоқ тау болмас, тарихы жоқ ел болмас» дегендей оқулықта туған жеріміз Ертіс өңірінің төл тумалары ұлы тұлғаларынан бөлек, қасиетті жерлері, асу белдері жазылған. Оқулыққа әдебиет, тарих, археология, география, биология саларынан мәліметтер келтірілген. Бұл бастаманың ұрпақ үшін маңызы зор болатынына сенемін» деп атап өтті.

IMG 5777

IMG 6054

         Оқулық 2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап мектептерде оқытыла бастайды. Осылайша өңір оқушылары өз туған жерлерінің қысқаша тарихымен, мәдениетімен танысуды бастамақ. Жиында сөз алған облыстық білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы оқулықтың ұрпақ тәрбиесі үшін аса маңызды екендігін атап өтті: Бүгін ерекше үлкен оқиға болып отыр. Бүгін тек қана мұғалімдер емес ғалымдар мен ұстаздар қайраткерлердің бас қосқан күні. Бұған «Өлкетану» оқулығының жарыққа шығып, оқушыларға жол тартуы себеп. Бұл оқулық осы өңірдің керемет тарихын, керемет географиясын, сұлу табиғатын, аңдарын, адамдарын, салт-дәстүрлерін көрсетіп отыр. Осы оқулықты оқыған балалар туған жеріне деген махаббаты оянып, сол арқылы тұтас елді сүйеді деген сенімдемін»

        Оқулықтың авторлар тобының жетекшісі, ПМПУ ректоры Алтынбек Нухұлы мен «Нұр Ана әлем» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжамал Максилова «Өлкетану» оқулығының ресми тұсауын кесті.

IMG 5829

        Жиын барысында сөз алған ПМПУ ректоры, «Өлкетану оқулығының авторлар тобының жетекшісі Алтынбек Нухұлы оқулық негізгі концепциясы мен ұстанымына тоқталды: «Әйгілі ғалым Ақселеу Сейдімбектің «төл тума қасиеті жоқ адам пенде, төл тума тарихы жоқ халық тобыр» деген сөзі бар. Өзінің ұлтын сүйетін, отансүйгіш, өзінің ұлтжандылығын көрсететін дүниелер ол осы төл тума қасиеттер арқылы келеді. Сондықтан, біздің алдыға қойған мақсатымыз бұл жерде төлтума дүниелерді, төлтума тарихты алдыға келтіру болатын. Негізгі мақсат пен мүдде, мұрат осында жатыр.

IMG 6230

         Оқулықтың құрылымы мен мазмұны төңірегінде «Өлкетану» оқулығы авторлар тобының мүшесі, ПМПУ профессоры Мансия Алинова оқулықтың құрылымы мен мазмұнынан тоқталды. Оқулықтың құрылымы ел бойынша бірдей болғанымен, мазмұны әр түрлі. Өйткені, әр өңірдің өзіндік тарихы бар. Бірнеше пәннің мәліметтері біріге отырып, 5-7 сыныптың оқушысына жеңіл әрі түсінікті тілде жазылған. Ғалымдардың дәл осы сыныптарға арнап жазуының да мәні бар. Дәл осы жаста (11-13 жас) жасөспірімдер құндылықтарды қабылдап, тарихи сана қалыптасуының алғашқы сатысын бастайды. Оқулық ғылыми, пәндік, оқу-әдістемелік, әлеуметтік, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша сараптамалардан өтті.