Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

"Рухани Жаңғыру"

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
Компоненты, модули, шаблоны и другие Расширения Joomla

ulagatti-sozder

 

bayanauil

 

 

Баянауыл, Кемпіртас

«ТУҒАН ЖЕР» деген ұғымды аударуға, талдауға болады.  Бірақ шын мәнін, мазмұнын  қара сөзбен жеткізу қиын.

Осы ұсынылып отырған өлеңді әкеміз Шарапат Әліұлы 1949 жылы жазған. Әскери қызметте болып әр елде, әр жерде жұмыс атқарып, 19 жыл аралығы өткенде туған жері Баянға жете бергенде Желтау Шоқпардеген тауы қөрінгенде «Жас шықты екі көзден мөлтілдеген...» деген  жүрекжаратын сөздер пайда болыпты.

Өлеңді туған жерге деген суйіспешіліктің бір қырын, бір сырын  өсіп кележатқан жазбуын баларға жеткізсе деген үмітпен ұсынып отырмын.

Мәнсия Шарапатқызы Алинова

ӘЛІ БАЛАСЫ ШАРАПАТ

 ТУҒАН ЖЕРІНЕ ЖАЗҒАН ӨЛЕҢІ

 

ТУҒАН ЖЕРГЕ деген сағыныш сәлем...

Аманба, сұлу Баян - туған жерім!

Кірімді кіндік кесіп жуған жерім.

Жалаңбас жалаң аяқ жарға ойнап,

Көбелек көйлек желпіп қуған жерім.

Жаралып дүниеге келген жерім.

Жалғанның жарығына еңген жерім,

Босанып алтын ұя тар құрсақтан

Айталап ана сүтін емген жерім.

Ләзәтті гаухар суын жатқан жерім

Қызыққа неше түрлі батқан жерім

Ақ сабау ақ бесті атты мініп

Ши садақ, торғай қуып атқан жерім.

Төсеніп масатыдай көк шалғанға

Сарарқа салқын төбе жатқан жерім.

Күлімді ірге көміп төккен жерім

Сағындым көрмеген соң көптен жерім.

Ақ суйек, асық ойнап асыр салып

Әтпеншек алтыбақан тепкен жерім

Бой түзеп бойға киім киген жерім

Енші алып ес өзіме тиген жерім.

Басыма үй бауырыма қазан асып,

Жар қушып бала перзент суйген жерім

Ер жетіп ақыл есім белген жерім

Сайраңдап сауық салып жүрген жерім.

Ақ тұйғын қанды балақ қаршығыдай

Көлден қу, жерден бұлғын ілген жерім

Шығарып жас өмірдің жер құмарын

Бұралтып бұраң белмен күлген жерім.

Ер жетіп кәмәлатқа толған жерім

Жаз жайлап қыс мекендеп қонған жерім

Зираты ата-анаң бәрі осында

Мака мен Мәдинадай болған жерім

Сондықтан көрінесің маған жылы,

Адамзат қайда айдаса тұрмыс құлы

Өз елің өскен жерің мысыр шәрі

Бекер деп айта алмайды ешкім мұны.

Сарарқа сағындым ғой салқын бегім

Қаз жайлап аққу қонған Шалқар көлім

Көзіме көрінгенше бұлбұл ұшты

Біріңде сен демеген қайран елім.

Қызбынғой мен алыстан төркіндеген,

Келдімғой көрсем деген сертім менен

Бұйырып басқа елдің дәммен тұзы

Уақыт он тоғыз жыл келтірмеген.

Жер шеті Желтау шоқпар көрінгенде

Жас шықты екі көзден мөлтілдеген

Бәрінді араладым арманым жоқ

Аман бол өскен ортам көркіңменен.

                                              Баянаул, 1949 жыл.

Такое замечательное стихотворение о Баянауле мы решили проиллюстрировать и современной фотографией. В рамках экспедиции «Олкетану» лучших студентов, обучающихся в вузе в рамках программы «Серпин», знакомили с достопримечательностями области. Они ознакомились со многими достопримечательностями нашего края, но самое яркое впечатление у ребят от природы Баянаула.

Совсем скоро молодежный международный фестиваль студентов "Туған жер" в Баянаульском государственном национальном природном парке с участием студентов вузов Казахстана, России и Монголии. Наш институт – один из его организаторов.  Форева, Баянаул! Алға, ПМПИ!

  

ҰЛЫДАН ҰЛАҒАТ

Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

                                                                                         Н. ӘНазарбаев

Әрбір шаңырақ ұрпақты болсын, ырысты болсын, ырысы жұртқа жұғысты болсын!

                                                                                         Н. ӘНазарбаев

Әйел өзін сенімді сезінген жерде отбасы да берік, балаларының болашағы да жарқын.

                                                                                         Н. ӘНазарбаев

Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды.

                                                                                         Н. ӘНазарбаев

Баланың жақсысы - қызық, жаманы - күйік.

                                                                                         Абай

Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.                                            

                                                                                         А. С. Макаренко

Жақсы семьяда жазалау деген атымен болмайды. Ал бұл - семья тәрбиесінің ең дұрыс жолы.

                                                                                          А. С. Макаренко

Ана үшін аянба - ант ұрады,

Бала үшін аянба - бетің күйеді.

Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,

Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.

                                                                                         Б. Момышұлы

 

Ұядан – ұлағат, ұрпаққа – аманат

Инабатты болса - әйел көрікті,

Ақ сақал жарасса - шал көрікті,

Сүйікті болса - ағайын көрікті,

         Үлкен шаңырақтың жанында отау көрікті,

Жібек шатырдың жібі көрікті,

Өнегелі болса - бала көрікті. 

                                                                                         Қорқыт баба

        Әйел-Ана - барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

                                                                                         М. Жұмабаев

Ата-ананы ұмытқан жас - опасыздың опасызы, рақымсыздың рақымсызы.

                                                                                         ҒМұстафин.

Ата-бабасын сыйламау - азғындықтың белгісі.

                                                                                         А. С. Пушкин

 Баланың жақсысы - әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы; жаманы - қайғысы, азап-соры.

                                                                                         В. А. Сухомлинский

Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды.

                                                                                         Ы. Алтынсарин

 Ұлым, саған  айтам...

         Үлкенге сәлем бер, жолын кесіп өтпе. Жүріп келе жатқан адам отырған адамға, атты адам жаяуға, аз адам көпке сәлем беруге тиіс.

Үлкендер мен ғалым адамдар алдында көп сөйлемеуге тырыс.

Үйге кісі келсе орныңнан тұрып жайдары қарсы ал, киімін іл, төрге шығар. Үлкендерден бұрын тамаққа қолыңды салма.

                                                                                         С. Кенжеахметұлы «Жеті қазына»

Адамның қалыптасуы бала кезден басталады. Жақсылық та адам бойына нақ сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе, өніп шығады. Жақсылық ұрығының өніп шыққаны немесе оны жамандықтың арамшөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады.

                                                                                         С. В. Михалков

...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың.

                                                                                         В. А. Сухомлинский

Баққан ұлдан сәл талса назарың -

Түбі соның тарттым дей бер азабын.

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? -

Олай болса уысыңнан шығарма.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Соңыра күн қалмау үшін табаға,

Жөнге салып, ие болған балаға.

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер -

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер.

Жас кезінде білім берсең қалай да -

Өсе келе қолы жетер талайға.

Ақылсыз адам өкінішпен қартаяр,

Есті адам қайғырмай-ақ қартаяр.

Мың жасауға да болады,

Он сегіз жасауға да болады.

Қатал ұста, бос жүрмесін сандалып,

Тәртіп болса, өсер бала сомдалып.

Ұл, қыздан да жаман мінез шығады,

Қырсық қылық тек әкеден жұғады.

                                                                                         Жүсіп Баласағұн

Үлкен алдында жас қарызы,

Ата алдында бала қарызы - әдеп пен сый.

                                                                                         Мұхтар Әуезов

Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін, жалалы болғанда білерсің.

                                                                                         Шал ақын.

 

«Кетпейсін ойдан,қиялдан» кітап беттерінен

ХАЛҚЫН СҮЙГЕН,

САЛТЫН ДА СҮЙЕДІ

ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДІҢ НЕГІЗІ

 

Өз халқының әдет-ғұрпын білу – үлкен мәдениеттілік. Адамның ұлттық мінезі әдет-ғұрыпты білу, сақтау арқылы қалыптасады. Сондықтан қазақ халқының ұл-қыздары білуге, үйренуге тиіс. Сонда ғана оны өзгелер де сыйлайды.

* Есікті қатты жапқанды немесе теуіп ашқанды біздің халық ежелден әдепсіздікке санайды. Көбіне кесір, менмен, өзінің ақымақтығын артықшылық деп ұғатын адамдар сөйтеді. «Қайта келер есікті қатты серіппе», - дегенді үлкендер күні кешеге дейін көп айтпаушы ма еді?

* Кірдің суын, тамақтың қалдығын, жуынды мен шайындыны есіктің көзіне төге салатын әйелді ауыл салақ санайды, ұнатпайды.

* Қазақ есікті кермейді, табалдырықты баспайды, жаман ырым санайды, ұнатпайды.

* Қазақтың үйіне кірген адам үйде адам бар болса да, жоқ болса да амандаса кіру керек. Адамдарымен есік алдында амандассаң да, босағаны аттаған соң, бос үйге: «Ассалаумағалейкум!»  - деуің кере. Шаңыраққа сәлем беру деген сол болады.

* Үйге кірген кісіні босағада ұзақ дағдартып тұрғызып қою – үй иесіне ұят іс. Танысқа да, бейтанысқа да жылы қабақ көрсетіп, төрге немесе қатарға шақыру қазақылық саналады: «Есігінен ит сығаламайтын» деген - қазақта отбасы үшін өте ауыр сөз. Үйге көрші-қолаң, ағайын-туыстың жиі келіп тұруы бауырмалдық тән. Босағасын бөтен адам аттамайтын үйді «мола» деп кемсіту бар.

* Киіз үйді есігін күншығысқа қаратып тігеді. Ал күмбезді бейіттің аузын құбылаға қаратады.

* Тыстағы адаммен есіктің көзінде тұрып ұзақ сөйлесуге болмайды: не өзің сыртқа шығуың керек, не оны үйге кіргізуің қажет. Әйтпесе, әбестік болады: жақтырмаған, менсінбеген кісі сөйтеді. Жалпы, үйдің қасында кісіге: «Үйге кіріңіз!» - демеу – білместік. Оның арғы түбі сараңдыққа жалғасып жатады.

* Төрге үлкендер мен сыйлы адамдар отырады. Бірақ ақсақал адамның босағада қалып, қарасақал әлдекімдердің төрге озып кетуі қазақтың үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті үлкенді сыйлау әдетіне қайшы келеді. Әдепті жас өзі тұрып өзінен үлкенге орын береді.

* Әлдекімге қызметін бұлдағанда немесе бағамды білмедің деп кейігінде: «Есіктегі басыңды төрге шығардым», - деп жатады. Онысы – сыйлы адамдардың қатарына сені мен қостым дегені.

* «Есіктен кіріп, төр менікі деме», - деген де сөз бар. Мұны бұрыннан келе жатқан адамдары сырттан келгендер басынғанда, ежелгі жұртты келімсіктер шетте бастаса, айтады.

АДАМГЕРШІЛІК ӘЛІППЕСІ

 

ТАЗАЛЫҚ

Қазақтың ғасырлар бойы қалытасып, өмір илегімен етіп, тазарып, жақсарып иелген дәстүрі бар. Сол дәстүрдің бірі — тазалық. Тазалық екі түрлі болады: рухани тазалық, тәни тазалық. Рухани тазалық адамның көңіліне, сана-сезіміне байланысты. Қалпың дұрыс болса, сана сезімің адал болса, көңіліңде залымдық, зұлымдық, жауыздық болмаса, арлы, ақылды, мейірбанды жігіт болсаң, рухани тазалығың зор болады. Сол тазалық адамды адамгершілікке, жақсылыққа жетектейді. Өмір бойы ішкі серігіңе айналады.

Тәни тазалық — денсаулықтың бұлағы. Бұл тазалық көп нәрселерден құралады.

Бірінші өз бойыңды таза ұстау. Өзіңді таза ұстау үшін ең алдымен тәһәрет (дәрет) алып үйрену керек. Дәрет сегіз парыздан қуралады. Ертеңгілік итсинже істеу: ұлы дәрет пен кіші дәреттен босанып, ұятты жерлерін тазартып, шынтағыңа дейін екі қолыңды жуу;

-  тіс тазартып, ауызды, тамақты  3 рет  шаю;

- мұрынның ішін 3 рет шаю, бетіңді 3 қайтара жуып-шаю. 3 мәртебе екі аяқты тірсегіне дейін жуып, екі қолыңды тағы да жуасың, бас, құлақ, мойынға су тигізу керек. Құлақтың ішіне су тигізу пайдалы, бүкіл жүйкенің түйіні құлақтың ішінде, желбіршегінде болады, сол араға ертемен үш рет суық су тигізсе, бас ауырмасқа жақсы болады. Тобығыңды, табанды үш рет жуып, тырнақты алып, күнде бір ғана таза көйлек кисең денсаулығыңа көп көмек береді. Айта кетерім, суды ысырап етуге болмайды.

Екінші, хәрәмға (арамға) жолама. Хәрәм істер: жан иесін өлтіру, кісіні, не хайуанды жәбірлеу, ғайбат (жамандап) сөйлеу, ұрлық істеу, арақ ішіп, адамшылықтан шығу.

Үшіншіден, мәһрүк істеу. Мәһрүкке карта ойнау, әдепсіз өлең айту, кісі алдында әдепсіздік істеу жатады.

Төртінші, «местәкрәһ», яғни, этиканы бузу; мысалы, көшеде, базарда билеген жерде, дүкен ішінде т. б. жерлерде (көпшілікте) та-мақ жеу, айқайлап дауыстап кекіру, ауызды алақан мен жаппай есінеу.

Бесінші, «мебах». Балалар оны білгені жақсы. Хәлел тамақты көп ішу, көп жеу - хәрам. Нәтижесіз көп сөйлеуге болмайды, бір жерде көп отыру, көп ұйықтау, жұмыс істемеу, т.б. осыған сәйкес нәрселер әдепсіздікке айналады.

Сәбилік дәуірден өткесін адам баласы «балиғи» болады. Балиғи болу сәбиліктен шықты, есті, жеткіншек деген сөз. Араб елінде, Орта Азияның оңтүстігінде, яғни, жылы ауа райы бар жерде ер бала 12 жастан,  қыз бала 9 жастан балиғи болуы мүмкін. Баланың балиғи болуына өскен ортасы, тамағы, денсаулығы, көңіл-күйі, оқыған кітабы, жолдастарының мәдениеті, өнегесі, ата-анасының адамгершілігі, рухани тазалығы, мұғалімдермен бір сөзділігі, т.б. бәрі әсер етеді. Осы кезде ата-ұлмен, ене-қызбен сырлас болса өте жақсы. Сырлас болмай, жолдас болу мүмкін емес. Балиғи балаға өзінің теңіне карағандай қарау, сырын, арманын түсіну, сана-сезімнің жол-жө-некейлігін білу - тәрбие-тәлімнің басты құралы, ата-ананың парызы десек артық болмас.

Айта кетер бір сөз, бай ауыз әдебиетіміздегі Төлегеннің Қыз Жібекке берген адал серті, Баян мен Қозының ұлы сезімдері, Ромео мен Джульеттаның адал  ғашықтығы - тазалықтың  шоқтығы  болып     табылады.

Шынайы ғашықтық рухани тазалық пен тәни тазалықтан құралады. Шын ғашықтық – адам затының аңсаған алтын алмасы, оны өсіру — адал көңіл мен таза  қолдың жұмысы. 

БЕЙУАҚЫТТА КІСІГЕ КӨҢІЛ АЙТПА

Адамгершіліктің ірге тастарының бірі осы. Ел басына, үй басына ауыртпалық келгенде барып көңіл айтады. Бұл – ата салты. Көңіл айтудың мақсаты – жаралы жүректің жабырқауын жеңілдету, көңілдегі мұздай мұңды еріту, көңіл-қос айтып, басқа түскен ауыртпалықты көтерісу. Көңіл айту - жігіттің парызы. Көшеде, базарда, көпшіліктің ішінде көңіл айтуға болмайды. Ерте барып қаралы жанның қабағын түйдіру, кеш барып жаралы жанның көз жасын идіру келіспейді. «Бейуақытта барма» деген сөз сонан қалған. Көңіл-қос өлеңмен, қара сөзбен, болмаса тақпақпен айтылады.

МАРҚҰМДЫ ЖАМАНДАМА

«Тіріге тіл тигізбе, өлгенді жамандама» деген нақыл бар. Дүниеден қайтқан адамды жамандап, ғайбаттауға болмайды. Қазақта «шынажа» деген ұғым бар. Шынажаға барғанда (қоштасуға) марқұмның жақсылығы туралы айтылады. Әзіл қолдануға болмайды. Татар шариғаты бойынша шыназы намазынан соң қонақасы беріледі. Қонақасында кезекпен марқұмның жақсылығы туралы сөз етіледі. Өткеннің өмірі тіріге үлгі болады. Осындай отырыста осылай айтылған сөздер марқұмның жанашырларының көңілін көтеріп, қабағын жаздырады. Марқұмның біреуге бересісі болса, оның өзі өтеуге жетісе алмай кетсе, артында қалғандар ризалауға тиісті. Маған бересісі бар еді деп айтуға болмайды.

АРУАҚТЫ СЫЙЛАУ

Дүниеден өткеннің бәрі аруақ саналады. Аруағыңды қадірлеу, тіл тигізбеу, жаманын жасыру, жақсысын асыру, өсиетін өңіріне жеткізу, қалған мұраны сақтау, есте тұту, ұрпағына айту, жұма сайын дұға оқу, садақа беру, адамға мұның бәрі – парыз.

САДАҚА БЕРУ

Бұл сөз діни негізде болғанмен, әлмисақтан адамгершілікті көздеген сөз. Ең үлкен садақа – жетімнің маңдайынан сыйпау, жесірге көмек беру, ғаріпке ғанибет қарау. Осы үшеуін орындаған адам өзінің парызын өтеді деп түсіну керек. Ең күшті садақа – мейірімділік. «Мейірімсіз жанның садақасы қабыл болмас» дейді екен бұрынғылар. Садақаның азы, көбі болмайды. «Алла атына тиын – зиян» деген.

ЕСТІРТУ

Қаралы хабарды естіртудің өз дәстүрі бар. Естірту шешен пішінмен, жабырқау үнмен, саралы сөзбен, тұспалдап естіртеді. Оны ертеде өлеңмен, күймен, нақыл сөзбен естірткен. Әйгілі Жошыға жалғыз баласының аңда жүріп қайтыс болғанын домбыраның күйімен естірткен. Қайғылы күй Сарыарқаның ақ селеуінің мұңды сыбдырын, ну қамыстың әкетіп, жусанның жуан шоғының, құланның жұмыр тұяғына тапталғанын, ханзаданың ажалы құланның тұяғынан келгенін естіртеді.

Дін – тізгін. Дінсіз адам, жыртқыш аң, тізгінсіз ат – ердің жауы. Дінді жақсылық үшін шығарған, ал жаман  адамдар сол дінді жамандық жолына қолданған, дін атымен жамандық істеген. Зор білімді адам әр уақытта дінді қадірлейді. Білімсіз адам дінді қадірлемейді.

ЖАМАНДЫҚ

Бірінші жамандық: «Өзің білме, білгеннің тілін алма» - деген сөз. Жақсылық - білімде. Аялы алақанның тірегі – білім. Екінші жаман ғұрып: баланың аузына түкіру. Әрине, үлкендер жақсы көргендіктен істейді. Інжіл кітабында айтылады: «Адам баласына 412 ауру келер. Біреуі бітсе, екіншісі пайда болады. Сол аурулардың тең жартысы адамның түкірігінде болар. Одан сақтан». Бұл – надандық. Көрінген жерге қақырып, түкіруге болмайды.Бұл мәдениетсіздікке жатады.

Үшінші, «тұтқа таза болсын» деген бар. Есіктің тұтқасын ұстаған сайын қолды шәйіп, жуған жөн.Тұтқаны кім ұстамайды....

Төртінші, «ауру – астан, дау - қарындастан» - деген сөз бра. Асты талғап ішкен жақсы. Ертеде Шал ақын деген  кемеңгерден «адамды қартайпайтын дәрі тауып алуға бола ма?» деп сұрағанда: - «Ол дәрі тамағыңызда. Ертеңгілік екі кесе шәй, түсте қияқтап тураған жас ет, құрт қатқан сорпа, кешкілік бір кесе айран ішіңіз» - депті.

Бесінші, - «ем-дом» деген бар. Бақсы, балгердің жел ауруға тиетін көмегі болуы мүмкін. Бірақ науқас сол емге нық сенуі керек. Көп кісі өзінің денсаулығына селқос қарайды. Денсаулықтың негізі дене шынықтыруда болады. Мысалы, сыбай-салтаң, салт жүрген де өте жақсы. Ердің үсті ердің денесін жақсы шынықтырады. Қаңтардың аязды түндерінде жылқышылар сабынды, көбелерді өртеп, сол өртенген жерге, күлдің үстіне сабан төсеп, тонына оранып жатып, ұйықтап кетеді.

Ә.Байнияз

 

ТЫЙЫМ

Тыйым дегеніміз қазақ тәрбиесінің бір саласы ғана. Тыйымды орындаған бала ата-анасын, елін, оқыған мектебін қуантады. Тыйым, ырым дегеніміз өте ертеде дүниеге келген. Тыйымды болған бала өз халқының мақсатын орындауға көмектеседі, сол тыйымдар дүниеге қалайша келді екен деген ізденіске түседі.

      Халқымыздың мынадай тыйымдары бар:

      Нанды аяққа баспа. Нан  жарықтық – астың асылы. Нан киелі.

     Суға түкірме. «Су – жеті қазынаның жеті байлықтың бірі» деген аталарымыз. Сусыз күн жоқ. Тегін жатқан байлық екен деп суды ысырып етуге болмайды. Және суға түкіру көргенсіздіктің, жындылықтың шыңы.

      Суға дәрет сындырма. Нағыз жынды, есуас бала ғана суды арамдайды. Суға түсіп жүріп дәрет қысса, тездеп жағаға шығып дәрет сындырған дұрыс. Нәжіс – арам. Арамда ауру бар. Арам ішті жайласа – науқас бойыңа, қаныңа тарайды.

     Малды теппе, сүтті төкпе. Ет және сүт ежелгі асымыз. Етсіз, сүтсіз күн көру қиын. Сүттен ғана он түрлі тағам әзірлеуге болады. Жая мен жалдың асылдығына сөз жете ме? Біздің халық ат арқасында өсті. Ер қаруы бес қару болды. Ал ер мен ат азығы ет пен сүт болыпты. Мысалы, батыр жорыққа мінетін тұлпарына  қойдың құйрық майына беретін болған: шала пісіріп, бытырадай ұсақтап, көлеңкеге кептіріп қоржынға салып алып жүреді екен. Талықсыған атқа бір-екі қос уыс беріп, шалдырып, судың тұнығынан суарып, арқа-басын сыйпап, жүріп кетсе, жарықтық киіктей зырғиды екен. Ертеде қазақта сұлы, арпа деген жем болмаған. Сұлының орнына қойдың құйрық майын қолданған.

Енді ер азығына келейік. Ер азығы – құрт, малта еді. Бір жігітке бір қоржын малта он бес тәулікке жетеді. Күніне бес-алты малта сорған адам шөлдемейді, сусамайды. Құртты батырлар өздері қайнатқан. Малтаны өздері кептірген. Өз әдістері болған.

 

БЕЙУАҚЫТТА ҰЙЫҚТАМА

Бұл да үлкен тыйым. Бейуақытта ұйықтау жөнсіздік. Қазақтың нақылы бар: «Алты сағат ұйықтаған – асыққанның ұйқысы. Жеті сағат ұйықтаған - жетіскеннің ұйқысы. Сегіз сағат ұйықтаған – серінің ұйқысы. Тоғыз сағат ұйықтаған толысқанның ұйқысы. Он сағат ұйықтаған – оңбағанның ұйқысы!». Тәулігіне сегіз сағат ұйықтаған өте жақсы. Сегізден аз болмаса, көп ұйықтау – денсаулыққа зиян келтіреді, білімнен, тұрмыс қалпынан кеш қалдырады.

ҮЙГЕ ҚАРАЙ ЖҮГІРМЕ 

Үйге қарай жүгіру білімсіздікке жатады. Қазақтың қалпында ауылдың ішінде салт атпен шапқылау, арбамен, шанамен ауыл ішінде шапқылау – мәдениетсіздікке жатады.

БӨРКІҢДІ ТЕРІС КИМЕ

Бұл қазақтың ескі тыйымы. Тірі адамның бас киімі теріс киілмейді. Өлгеннің бөркін теріс кигізеді. Мысалы, ертеде көш алдында қаралы көш болады. Қаралы көштің артында, құйрықжалы күзелген, ерін теріс ерттеген, ердің басына дүниеден қайтқан жігіттің тымағын теріс киген марқұмның аты келеді. Ол ат жылына сойылады. Қаралы көштің қыз-келіншектері қара орамал тартады. Көш бастаған жігіттің қолындағы найзасының басына қара лауха (шашақты ту)     тағылады. Қаралы көшке жау, ұры-қары тимейді. Жайлауға жеткенше ойын-сауық болмайды. Күнде бесін кезінде құран оқылып, тәкбір айтылады. Түрлі жоқтау өлеңдер айтылады, марқұмға арнаған күйлер дүниеге келеді.

Ә.Байнияз.

Пайғамбар сөзі: «Кездескенде кім бұрын сәлем берсе, Аллаға сол адам бой ұсынғыш.

Бір мұсылман ауырып жатқан мұсылман досының көңілін сұрауға барса, оның басып барған жолы жәннат бағын аралағанмен  бірдей болады.

Адамдардың мынандай үш түрі жәннатқа кірмейді:

  • Ата-анасына тіл тигізген перзенті;
  • Ішімдікке салынған маскүнем;
  • Берген қайыр-садақасын, жасаған жақсылығын міндет қылған адам.

Мұсылманның өлімінен кейін (оның пайдасына) жататын істер:  таратқан ілімі, қабілетті перзенті, мұраға қалдыраған Құран кітабы, салдыраған мешіті, қонақ үйі, шығарған суы,  сауында берген қайыр садақасы.

 ХАЛЫҚ ТАҒЫЛЫМЫНАН

Жадында сақта:

Аққуды атпа.

Күлкі болма елге

Екі езуіңді керме.

Бекер шатылма:

Суды сапырма.

Ұқсама тентек балаға,

Пышақтың жүзін жалама,

Барсаң да қай жаққа,

Сүйенбе таяққа

Ақылға аялда

Жағыңа таянба

Үлкеннің сөзін тоқылық

Ысқырма үйде отырып.

Ұғып ал сөзді ойланып

Жүгірме үйді айналып,

Басыңды иіп тұқыра,

Мұрыныңды шұқыма.

Ағаның ақылын ойла,

Қолыңды төбеңе қойма.

Азан ба, тал түс, іңір ме,

Үйге қарай жүгірме

Ағалар айтар мол үлгі

Аузыңа салма қолынды

Ұмытып кетпе:

Есікті теппе!

Шаршасаң сәл аялда,

Бірақ та жер таянба.

Тарту тарт тар келместей тақымыңа

Мылтық -пышақ сыйлама жақыныңа.

Кеңеске салақ қарама,

Кір жайма түнде далаға.

Деме бәрін айтқызбай-ақ білем мен:

Төрге қарап отырма жүреңнен.

Ұлттық салттан бұлжыма,

Жұма күні кір жума.

Түнде шық далаға,

Аспанға қара да,

Қызықта...

Бірақта, жұлдызды санама

Ізет танытып

Әдетті сақта да,

Жатқан адамның үстінен аттама.

Құр бекерге ермекке

Бос бесікті тербетпе!

Құдайға сыйын, жас бала!

Құранды жерге тастама!

Көргенді жас, пәк бала!

Дастарханнан аттама.

Өзім қумын деме,

Кісі ақысын жеме.

Дүрдиіп, күпінбе

Отқа түкірме!

Ақыл айтса, ақшима,

Итке ожаумен ас құйма.

Қашанда болсын есте.

Үлкеннің алдын кеспе!

Жадыңа тұт, зерек жас бала!

Дастарханды ашық тастама.

Сөз ұқсаң әкең мен шешеңнен,

Аттама арқаннан, көсеуден!

Заматта

Дастарқанынды жайдың ба:

Қонаққа

Кеттік кесемен шай құйма!

Әшейін сөзбен тең көрме

Аяқ киіміңді төңкерме!

Әдептен мүлт кетпе

Күн шықпай күл төкпе!

Ақылмен байқастыр да:

Қолынды айқастырма!

Үйде де, қайда да,

Тісіңді қайрама!

Жүгірмесең де дырдуға.

Үш күнгі айтта кір жума!

Есіңе әрдайым сақта да:

Желі мен көгенді аттама!

Зердесіз бала ақыл ұғар ма,

Аяқ киімінді төрге шығарма.

Теңесе көрме ожармен:

Баланы ұрма ожаумен:

Еске тұт бүгін де, ертең де,

Қазанды төңкерме!

Келе жатқан ырым бар баяғыдан,

Үлкендердің аттама аяғынан.

Сақта ата ғұрпынды,

Үлкен кісіге отырма беріп сыртыңды.

Үйге есіктен үлкен кісі кіргенде,

Сен орныңан түре келген бір демде.

Ежелден бек сақталған әдеп қырда:

Бейуақытта ұйықтап әдет қылма.

Қыңырларды жақтама,

Қырыққан шашты таптама.

Аға сөзін жақтыр, мейлің жақтырма,

Нан қоқымын тастандыға лақтырма.

Ырза болсын «әдепті!» деп саған  да ел.

Танымасаң да үлкендерге сәлем бер.

Үлгі сөзден үрікпе,

Қолыңды жусаң cілікпе.

Кәнекей, айтшы, қарт айтқан сөзі есінде ме:

Кісіге қарап аузыңды ашып есінеме.

Есіңде жүрсін сенің де,

Көп алдында керілме.

Жадыңда сақтағай, жас бала,

Пышақты ұшынан тастама.

Айтқаныма қасарма,

Түн ішінде шаш алма.

Қашанда әдептен жаңылма,

Киімді желбегей жамылма.

Сүлесоқ күйде жүрме,

Сыртыңмен үйге кірме.

                                                                     Мүзафар ӘЛІМБАЕВ, ақын.