Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Шаблоны Joomla здесь

7aa44f67-0c68-4c0f-b5b2-dab599827d5f

 

«Ұлы дала» этнофестивалі өтетін орынға шағын және орта классты 118 автобус қатынайды. Бұл көліктер сағат сайын 14,5 мың және күніне 110 мың адамды тасымалдай алады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 2018 жылы 3, 4 және 5 тамыз күндері «Ұлы Дала» этнофестивалі өтетін орын  № 38 (Павлодар - Ленин кенті) бағытындағы қозғалыс аралығы 20 минут жиілікпен жүретін 7 бірінші классты  сыйымдылығы үлкен автобустармен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ теміржол вокзалының «Сапаржай» көлік вокзалынан қозғалыс аралығы 5-10 минут жиілікпен жүретін 50 шағын классты  «Павлодар-Ақсу» қалааралық маршруттық автобус шығады, - деп жазылған хабарламада.

4 және 5 тамыз күндері «Ұлы дала» этнофестивалі өткізілетін орынға дейін қосымша келесі тұрақты қалалық маршруттары ұзартылады:

№ 2 бағыттағы (Зеленстрой шағын мөлтек ауданы – Қамзин  көшесі - Лермонтов көшесі - Ак. Сәтбаев көшесі – Торайғыров көшесі – Лесозауыт кенті) қозғалыс аралығы сағат сайынғы жиілікпен жүретін 6 бірінші классты сыйымдылығы үлкен автобустармен;

№ 152 бағыттағы шағын классты (Дачный ауданы – Қамзин  көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Қайырбаев көшесі – Ак.Бектұров көшесі - Торайғыров көшесі – Айманов көшесі – 1 көлік жолы – Павлодар - Астана шығу көлік жолы) қозғалыс аралығы 15 минут жиілікпен жүретін 25 шағын классты автобустармен;

№ 153 бағыттағы шағын классты (Усолка шағын ауданы – Жаяу Мұса көшесі – Тәуелсіздік даңғылы – Ломов көшесі – Катаев көшесі – Естай көшесі – Лермонтов көшесі – Торайғыров көшесі – Айманов  көшесі – Лесозауыт кенті – «Павлодар - Омбы» автожолы – «Павлодар - Астана» автожолы) – қозғалыс аралығы 10 минут жиілікпен жүретін 30 шағын классты автобустармен қамтамасыз етіледі.

Тарифке үстемеақы 20 теңгені құрайды