Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Joomla модули на http://joomla3x.ru и компоненты.

А. Мейрам
ПМПИ студенті
С. Н. Сутжанов
профессор ПМПИ, Павлодар қаласы.

 

Айтылады әлі талай аңыз болып,

Батырлардың өшпес-өлмес ерліктері.

Отан үшін қасықтай жанын беріп,

Біздер үшін қандай күн кешкенді.

Соғысы мәңгі есте Ұлы Отан,

Талай қазақ батыры құрбан болған.

Ол күндердің әр минуты ұмыт емес,

Минутында бір батыр айтылмаған.

Талай қилы заманнан, қилы заманды бастан кешіп, сонау 15 ғасырдан бері ешбір жауға да өмірдің ыстық суығына да берілмей, ұраны бірлік болып, сенгені жалғыз Алла боп, ұлаңғайыр дархан далада көңілі көктемдей, пейілі өз жеріндей кең болған, қазақ дейтін батыр да қайсар халық өмірі тағыда қиындай бастаған еді. Бұған себеп кешегі 18 ғасырда аждаһардай адуынды аяусыз жаралған Жоңғар, Қалмақ сынды жаулардың тоқтаусыз қазақ еліне жасаған жорықтары болса, ал 19 ғасырда қазақ халқының толықтай билеушісіне айналғысы келген, қазақ деген ел жер жүзінде болмаған деп, қазақты жойып, жерін өзіне қаратып алғысы келген, патша үкіметінің құйтұрқы саясаты мен жалған жала жабуынанда қазақ халқы өте көп зардап шекті.

Биліктің бәрі патша үкіметінің қолында болған кез еді. Алайда патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Сөйтіп саяси аренаға қатерлі жолдан жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздігі жолындағы күресуші қайраткерлері «Алаш» партиясының төңірегінде топтасты. Патша әкімдері ұлт өкілдерінің талап-тілектерін аяқ-асты қылып, олардың іс-әрекеттеріне барынша кедергі келтіруге тырысты. Ұлт мүддесін үлпектеген ұландар саясат майданынан ауытқымай, халық үшін қатерлі жолдан таймады.

Қазақ зиялылары да отаршылдыққа қарсы тұрып, сол тұстағы саяси әл-ахуалды ұлттық мүддеге сай міндеттермен ұштастыруды ұсынды. текті түлектері өзіндік менталитеттің сақталып, тіл мен діннің жойылмауы үшін өзара рухани қарым-қатынас жасағаны, бірлесе еңбек еткені тарихи шындық. Ал, бұл шындықтың нәтижесі – түрікшілдікті түрлендірген арды ұлдардың қажырлы қайраты мен ерек істерінің болып, егемендік алуы. Өйткені, түрікшілдік татар, башқұрт, қазақ, өзбек ұлыстары ұлдарының саяси-идеялық позицияларын нығайтып, олардың нақты ұлттық-демократиялық бағыт ұстауына мүмкіндік туғызды. Соның әсерінен патша самодержавиясы құлаған кезде, яғни Ресейдегі Уақытша өкімет тұсында Еділ-Орал татар ұлттық мәдени автономиясы, Башқұрт ұлттық үкіметі «Алашорда» өкіметі мен Қоқан автономиясы сияқты пайда болғаны баршаға мәлім.

Сол жылдары билік басында болған ысқырған Сталиннің 1929-1932 жылдардағы қазақ өміріне жасаған қастандығы қазақ халқын түбегейлі жойып жіберуе шақ қалған еді.

Милиондаған қазақтың ұл-қызы, қарттары мен жастары сол жылдардағы аштықтың құрбаны болып өте аянышты халде өмірден өтіп жатты.

Алла деп, қайсарлығы мен төзімділігінің арқасында аштықтанда жеңілмей өтіп, енді қазақтан қазақ көбейер дей берген кезде, кешегі аштықтан аман қалған қазақтың ұрпағын тағыда бір күтпеген 1941 жылы ...айында «Ұлы Отан» деп аталатын соғыс күтіп тұрған еді. Еш ескертусіз басқаның жеріне басып кірген фашисттер қазақты ғана емес, көптеген ұлт өкілдерінің басына төнген қауіп болды. Соғыс басталғанын ести сала қолдарына қаруын алып Отанды қорғауға дайындалып, талайдаған қазақтың батыр да қайсар азаматтары, бірі ата-ана қарындасын тастап, бірі бала-шаға әйелін тастап, бірі жастық шақтың жалындаған күнін тастап, соғыс ерте есейткендей, жас ересек деп қаралмай майданға тартылып кете барды.

Әскер машинасы мен қара поездің ішіне Отанын жаудан қорғауға аттанып бара жатқан көптеген қазақ-орыстың боз балалары, өмірлерін Отан үшін бел буғандай, еш қаймықпастан жасы жеткен ақ жаулықты ана мен асқар таудай әкенің, балам, аман-есен оралғайсың, деген сөзіне еш үн қатпастан, іштей Отан үшін ер боп өлсем деген араны бардай, кешегі ата-бабасы жандарын құрбан етіп, ұлтарақтай жері болсын жау аяғын басқызбаған, Абылай Жәнібек Қасым хандардың ұрпағын енді міне 1941 жылдың күз айында қанды қырғын тағыда сынағына ала түсті.

Бұл соғыс көптеген ұлт өкілдері, соның ішінде қазаққа өте көп зардабын тигізді. Жасы он-онбеске әлі тола қоймаған қазақтың балалары қолдарына кетпендерін алып, ертемен қызу жұмысқа кірісіп күн шыққаннан күн батқанға шейін қаратерге малынып, майданға керекті азық-түлікті жинап, өздері қару алып соғыспаса да, сырттай мол пайдасын тиізіп жатты. Көбісі бала болып ойнауды қойып, соғыстың кесірінен тым ерте есейіп, ағаларының артынан оларда соғысқа бір-бірлеп тартылып жатты.

Осылай ел басына қауіп төңген кезде фашист әскері КСРО-ның жеріне басып кірен кезде, «Отаным» деп жаны шыққан қазақтың батыры көп болмаса, аз болған жоқ. Мәселен, он жеті жасар, енді бойжетіп гүл өмірі басталайын деп жатқан кезде, кеудесін намыс кернеп, Отанды қорғау міндетім деп, өз еркімен майданға аттанған қазақтың қайсар батыр қыздары Мәншүк, Хиуа, Әлия еді.

Бұл батыр әпкелеріміздің соғыста жасаған ерліктері, күллі қазақ қызына, тіпті әлем елдерінің бойжеткендеріне үлгі өнеге. Мергендігімен талай фашистің көзін жойған, пулеметімен жауды қынадай қырған, Әлия Мәншүк әпкелеріміз ел есінде мәңгі сақтаулы.

Темірдей тәртібімен жауынерлерін басқарып аса көрегенділігімен жаудың ордасын талай мәрте ойсыратып кеткен қазақтың үлгі тұтар азаматының бірі Бауыржан Момышұлы еді. Мінезімен жауын сескендірген «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді» деп жауынгерлерін нағыз батыр, ержүрек етіп тәрбиелей білген, жаудың алдында бір сарбазы шегініп қашып көрмеген қазақтың қайсар қолбасшысы Бауыржан Момышұлы да Ұлы Отан соғысы тарихында ойып орын алар ірі тұлға, қазақтын нағыз батыры, нағыз үлгі алуға тұрлық адамы ретінде бүгінгі заманда аты мәшһүр болған батыр десем артық айтқаным емес, егерде біреу меннен кімді үлгі тұтасын деп сұраған болса, мен іркілместен Бауыржан Момышұлын айтар едім, батырдын көптеген ерліктері мен істеріне қайран қалып нағыз азамат болуды, сол кісі айтқан сөздері арқылы үйреніп келемін.

Текті туған қазақтын нар тұлғасы,

Сол бір зұлмат заманның қарсыласы.

Ұлы Отан деп ажалдан қаймықпаған,

Менің пірім Бауыржан Момышұлы.

 

Бауыржан Момышұлы.

Қандай ғажап есім десеңізші.

Осы есім мына менің кеудем дегі,

Шыңдайды намысым мен жігерімді.

 

Бауыржан Момышұлы.

Осы есім құлағыма естілгенде.

Есті жыйып келемінде өз-өзіме,

Жан бітірем патриоттық сезіміме.

 

Момышұлы қазақтын Бауыржаны,

Фашисттерді сескендірген мінезімен.

Қазақтың қайтпас қайсар болса ұлы,

Ең бірінші мақтанып сізді айтар-ем.

«Ұлы Отан» деп аталатын бұл соғыс қазақ тарихында орыны ерекше болып қала бермек. Милиондаған адамдардың қанын төктірген мыңдаған боздақтарды жастайынан өмірден ерте озып, талай қара шаңырақты тірегінен айырған қайғылы да қасіретті сол соғыс жылдары біздің тарихымыздан ардагер қарияның есінен шықпасы анық.

Қыстың қаһарлы ызғарлы боранды күнінде отан үшін деп жанын пида етіп бірі ажалмен, қауышып жатса бірі өте ауыр халде жараланып мүгедек болып, аяғынан, көзінен айырылып, бірі сал болып, қолынан, басынан жаудын оғы тиіп дәрменсіз халде жатса, соғыстан көптеген батыр ардагерлеріміз сау оралмағаны белгілі.

Иә, біз жас ұрпақ соғыстың үнін естімей өстік, бомбаның үнінен тығылып, мылтықтың даусынан қашпай тыныш, бейбітшілік заманда соғыстың зардаптарын көрмей, жыртық киіммен далада қаратер болып, жұмыс істемей заманның жақсы тұсында өсіп ержеттік.

Әрине бұның бәрі кешегі ата-бабаларымыздың төккен тері мен аққан қанының арқасында екенін әрбір қазақ баласы мойындайды, біледі. Қазақ деген қашанда батыр, әрі жомарт халық болып келгендігін бүгінде елдің тарихы дәлелдейді.

Кешегі 1941-1945 жылдардағы соғыс әлі күнге ел есінен кеткен емес, кетпейді де. Ол күндердің әр минуты біздер үшін ұмытылып қалуы мүмкін емес, себебі сол кездің әр минутында ұлы азаттық үшін, келешек жарқын болашақ үшін, өз жанын құрбан еткен бір батырдың жатқанын білеміз.

Әрине, біздер жас ұрпақ ол күндердің бірінде көрмей өстік, бірақ көрмесек те, сол соғыстан аман оралған ардагер аталарымыз бен апаларымыздың көнілінде қалған ұмытылмас нағыз азапты, сол соғыстың тарихының қандай болғанын естіп, атақты ақындарымыздың жырлауымен оқып біліп, сусындадық.

Бұл соғыстың тарихын жазып та, айтып та, жеткізу өте қиын, тек жүрегімізде сол кездегі Отан үшін, бүгінгі біздер үшін жанын құрбан қылған әрбір батыр азаматтарымыз бен әпкелерімізге, ризашылығымыз шексіз әрі алдарында өтей алмас қарызымыз бар екенін ешқашан ұмытпаймыз. Қазақ елінің тарихын қозғай берсең дастаннан дастандар жазылары анық. Өзімнің нақ білгенім, кешегі замандардың қайсы бірін алсақ та, қазаққа көрсетпеген қиындығы болмаған және кешегі заманда қазақтай батыр, қазақтан өткен қайсар ел болмағанына көктегі Алла куә. Әуелі Аллаға, екінші кешегі батыр бабаларымызға алғысым шексіз.

Егер де сонау он сегізінші ғасырда қазақ жоңғарға беріле салған болсақ, кешегі ұлы Отан соғысында қазақтар Отан үшін деп өз жандарын құрбан етпеген болса, 1986 жылы қазақ жастары намыстарын оятпаған болса, қазақ елінің көк туын желбіретпегенде, бүгінде біздер тәуелсіз қазақтың жастары емес, бодан болған қазақтың жастары болып жүрер ме едік, бәлкім.

Иә, тәуелсіздік қазаққа оңай келе салмағанын білеміз, тәуелсіздігіміздің куәлігін беріп кеткен кешегі батыр бабаларымыз. Біз жас ұрпақ, татулықты мақсат тұтып, тәуелсіздікті аңсаған, кешегі батыр ұлы қазақтың ұрпағы болғанымызды әрқашан да мақтан етеміз.

Қанша құрмет қылсақ-тағы батыр ерге,

Салсақ та оларға арнап ескерткіште.

Берсек тағы жер жүзіне оның атын,

Қарыздармыз біз, алдында бабалардың.