Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Компоненты, модули, шаблоны и другие Расширения Joomla

С. Н. Сүтжанов
ф. ғ. д., профессор, ПМПИ, Павлодар қ.
Э. С. Құрманғожаева
ф. ғ. к., доцент, Алматы менеджмент университеті

ХХ ғасыр басындағы Ресей қоғамындағы саяси-әлеуметтік жағдай, соған орай туындаған факторлар империяның шығыс өңірін мекендейтін халықтардың этникалық, тілдік және діни тұрғыда тұтаса түсуіне итермеледі. Әсіресе, 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыстар Ресей мұсылмандарының саяси-идеялық тұрғыда өсуін тездетті және ұлттық рухының оянуы мен нығаюына әрі демократиялық принциптердің сақталуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.

Бәрінен де ұлт ретінде жойылып кету қауіпін тудырған отаршылдыққа қарсы тұру үшін тәуелсіздікті мақсат еткен ұлы күш пайда болды. Бұл күш ұлт жүрегінде сақталған биік рухтан қуаттанды.

Зиялы қауым өкілдері ұлттың өзегінде сақталып келе жатқан ұйытқы ойға тереңдей еніп, ұлт рухына тірек іздеді. ХХ ғасыр басында бірігіп күресу қажеттілігінен туған «Алаш» идеясының жандана түсуін осындай заңдылық түсіндіреді. Басы бодан ұлт азаттық үшін күресері анық. Азаттық үшін күресте ел зиялылары халықтың рухани қойнауындағы Алаш идеясын медет етті, ту етіп алға тартты.

ХХ ғасыр басындағы ұлттың сөнбес жады – руханиятта «Алаш» идеясы жанданды, яғни ХХ ғасыр басындағы ұлттың азаттыққа деген аңсарынан оның отаршылдыққа деген қарсылығы қалыптасты.

Қазақ зиялылары да отаршылдыққа қарсы тұрып, сол тұстағы саяси әл-ахуалды ұлттық мүддеге сай міндеттермен ұштастыруды ұсынды. Бұл ретте, ұлттық баспасөз қарлығашының бірі саналатын «Қазақ» газетінің орны ерекше болды. Газетте халықтың мұң-мұқтажы, арман-тілегі жайлы мақалалар орын алып, қоғамның келелі мәселелері сараланды. Әсіресе өлім не өмір таңдауына жеткізген жер дауына ерекше орын берілді. Жан сақтау үшін сан-саққа жүгірген пікірталасында отырықшылыққа бейімделу өмір талабы екендігін түсіндіріп, басу айтты. Қазақ қалпын тығырыққа тіреген жер мәселесінде обырдың айласына қарсы отырықшылық қажеттігін үгіттеді.

Шынында да, бір ғасырдан астам бұрын алғашқы нөмірі жарық көріп, ұлттық сананың ұйытқысы болған бұл басылым өз маңына ұлтжанды ұлдарды ұялата білген әрі елді елең еткізген ерекше құбылысқа ие болды. Алаш қозғалысының саяси ұстанымдарын жариялап тұрған басылым жаңа қазақ тілінде шынайы кәсіби газет стилін қалыптастырды әрі зор ағартушылық рөл атқарды.

Қазақ жері көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұған себеп болған 1917 жылғы Ресейдегі қос төңкеріс еді. Патша үкіметінің тақтан құлауы саяси күресті одан әрі қыздыра түсті. Сөйтіп саяси аренаға қатерлі жолдан жалтақтамай, жанқиярлықпен күрескен көрнекті тұлғалар шықты. 19170 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. Патша өкіметі құлаған соң қазақтың тәуелсіздігі жолындағы күресуші қайраткерлері «Алаш» партиясының төңірегінде топтасты. 1917 жыл – түрік елдерінің бірінен кейін бірінің автономия жариялауымен тарихымыздың ерекше атаулы жылы болып табылады. 21-28 шілдеде Орынбор қаласында Бірінші бүкілқазақ съезі өтті. Бұл съезде 14 мәселе қаралды.

Сөйтіп, Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек дегенге байланысты пікір қуатталды. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылды. Бірақ бұл сиезде депутаттар нақты пікірге келе алмады. Сондай-ақ, жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе – оқу-ағарту саласы жүйелі жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесі айрықша назарға алынып, білім берудің тегін болуы талап етілді. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары туралы да сөз болды.

1917 жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында екінші қайта шақырылған Бүкілқазақ съезі өтті. Оған барлық қазақ облыстарынан, Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан, бәрі – 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік мәселелер болды. Съезде Алаш автономиясының орталық атқарушы-өкімет органы Ұлт кеңесі – Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Соның 15-і съезде сайланды. Алашорда Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Мүшелері қатарында М.Шоқай, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов сияқты ұлттың зиялы қауым өкілдері де болды.

Мемлекетті билеу түрі Ресейде демократиялық, федеративтік парламенттік республика болу керек дегенге байланысты пікір қуатталды. Ал 1917 жылы 24 маусымдағы «Қазақ» газетінде автономиялықтың негізі туралы әртүрлі пікір-ұсыныстар айтылды. Бірақ бұл сиезде депутаттар нақты пікірге келе алмады. Сондай-ақ, жер мәселесі Құрылтай сиезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі («Народный сот») таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе – оқу-ағарту саласы жүйелі жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесі айрықша назарға алынып, білім берудің тегін болуы талап етілді. Білім алудың орта, арнайы, жоғарғы сатылары туралы да сөз болды.

1917 жылы «Қазақ» газетінің 21 қарашадағы санында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Е. Ғұмаров, т.б. бір топ қайраткерлердің атынан Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланып, осы жылдың 5-13 желтоқсанында Орынбор қаласында екінші қайта шақырылған Бүкілқазақ съезі өтті. Оған барлық қазақ облыстарынан, Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан, бәрі – 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде 10 мәселе қойылды. Соның алтауы таза мемлекеттік мәселелер болды. Съезде Алаш автономиясының орталық атқарушы-өкімет органы Ұлт кеңесі – Алашорда үкіметі құрылды. Үкіметте барлығы 25 орын белгіленді. Соның 15-і съезде сайланды. Алашорда Ұлт Кеңесі үкіметінің төрағасы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Мүшелері қатарында М. Шоқай, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов сияқты ұлттың зиялы қауым өкілдері де болды.

Бұл Ұлт кеңесі органы автономияның орталық билігі болып табылды. Алаштың идеясы Ұлттық-демократиялық билік болды. Ұлттың тұтастығы – идеяда. Қазақ зиялыларын біріктірген қасиетті ұғымдардың бірі – Алаш идеясы. Алаш Тұтас Түркістан идеясын терістемеді, керісінше оны жаңа сапада толықтыра түсті. Алаш – Түркістан түріктерінің ұлт-азаттық ұраны болды. Мұны А. Байтұрсынұлымен пікірлес Ж. Аймауытұлының «Әскер марсельезі» өлеңіндегі мына үзінді дәлелдей түседі:

Арғы атам – Ер Түрік,

Біз – қазақ еліміз.

Самал тау, шалқар көл,

Сарыарқа жеріміз

Автономия жарияланғанда сүйінші қуанышымен барлық қаламгерлер шабыттанды. Бұл қуаныш әсіресе көсемсөздік шығармалардың көптеп жазылуына әсер етті. «Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз һүкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас қара сапарға кетті», – деп ел көсемдері Әлихан, Мұстафа, Міржақыптар «Қазақ» газетінде жар салды.

Сол тұстағы «Алашорда» партиясының қайраткерлері мен басқа да түркі халықтары оқығандарының қоғамды қайта құру жөніндегі ой-пікірлері Қазақстан мен Орта Азия ұлттары өкілдерінің эстетикалық көзқарастарына да белгілі дәрежеде өзіндік игі әсерін тигізді.

Азатшылдар «Ресейдің отаршыл саясаты патша билігімен бірге күйреп, еліміз азаттық алады» деп үміттенді. Сондықтан да ұлт әдебиеті жаңа дәуірге тәтті үміт пен үлкен сенім тудырған бостандық таңын жырлаумен аяқ басты. Мысалы, Міржақып Дулатұлы:

Бүгін халықтың қуанышты кең күні.

Күн менен түн – таразының тең күні.

Құт-береке болмаса екен кем күні,

– деп тілейік, қолың жай, ау, Алашым! – деп барша азатшыл ақындар мен түркістандықтардың патшалықтан кейін жаңа кезеңдегі көңіл-күйін аңғартты. Мағжан да «Бостандық» өлеңінде:

... Көк есігі ашылды,

Жұмақ нұры шашылды

Келді ұшып бостандық,

– деп ұлт үмітіне жүрек кернеген қуанышымен үн қосты. Жаңа шаңырақ көтерген Алашорда мемлекетінің болашағына деген зор сеніммен С. Торайғыров та таза жеңіс жырын жырлады:

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз!

Өлер жерден кеттік біз,

Бұл заманға жеттік біз.

Жасайды Алаш, өлмейміз,

Жасасын Алаш, жасасын!

Бұл – автономияға қол жеткізген түрік халықтарының толғанысқа толы күйлерінің әдемі естелігі.

Әлбетте, ұлттың ұлы атанар ұлы қасиет екінің біріне тиесілі емес. Бұл жөнінде Алаштың ардақтысы Мұстафа Шоқайдың: «біздіңше, белгілі бір мұрат-мақсаттар соңында жүрген және сол белгілі мұрат-мақсаттар төңірегінде жиналған оқымыстыларды ғана зиялы деп айтуға болады. Ұлттық зиялылар қатарына тек өз халқының саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуына қалтқысыз қызмет ете алатын адамдар ғана кіре алады. Зиялылардың міндеті ұлы да қасиетті болуы себепті өте ауыр» – деуі сөзімізді нақтылай түсері даусыз.

Әрине, ұрпақтың ұлтжанды болып өсуі төл этникалық ортаға байланысты екені баршаға мәлім. Сол ортада бойға дарыған қасиеттерді шыңдау, жетілдіру арқылы іргелі елдің ұл-қыздары, тұлғалы азаматтары өсіп-өнбек. Сөйтіп, ұлттық асыл қасиеттерді бойға жинақтаған жан ғана халық үшін өзін құрбан етуге бар.

Әрине, мұндай киелі атау – ұғымдардың мән-мағынасын халықтық таным-түйсік өресінде түсінбейінше, кісілікке бейімделу де мүмкін емес. Былайша айтқанда, адамгершілік қарым-қатынастарды да, халықтар арасындағы достықты да осы ұлттық қасиеттер реттейді.

Байқауымызша, ұлттық қасиеттерді бойға дарытқан зиялылар басқа халықтардың да мұң-мұқтажын, мұрат-мақсаттарын түсінеді. Сөйтіп, ұлт мүддесі жолында тізе қосып, күш біріктіреді. Олар ұлт руханиятының өрлеуі жолында, халық өмірін қайта құру мақсатында еңбектенеді де.

ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері қоғам өмірінің объективі тұстарын өзгертуді күшпен емес, сананың сол процеске енуі арқылы жүргізілуге тиіс деген түйінді пікірді қуаттады. Олар иық тіреген басты концепция- бостандық пен рухани езгіден құтылу және халықты жалпы адамзат құндылықтарымен нәрлендіру секілді мақсаттарға негізделінді. Нақтылай айтқанда, олар қазақ елінің өркениетті, егеменді мемлекет болып, дамыған елдер қатарынан көрінуін мұрат тұтты. Ол мақсат-мұраттардың негізі байырғы төл мәдениетіміздің өрісі мен рухани дүние өресінде екенін зайырлы қауым өкілдері жете түсінді. Сондықтан олар империя кезінде бастаған іс-әрекет, қимылдарын қызыл үкімет тұсында да жалғастырды.

Бірақ ардақты ардагерлердің бостандыққа деген шабыты ұзаққа созылмады. «Алаш» қозғалысы қарулы басқыншылықпен таратылғанан кейін жеңіс жырының орнын қасіретке толы ғұмырлар алмастырды.

Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде ұлт зиялыларының ұлы еңбегін жоғары бағалай келіп: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ.

Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіретімен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретінде тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес», – деуі шындыққа саяды және қазіргі Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатымен де жалғастық табуда десек болады.

Түйіндей айтқанда, Алаш арыстарының мақсат-мүддесі мен «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің бағдарламасының бүгінгі сындарлы да салиқалы саясат жүргізуші елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясымен үндестік табуы келешекке деген сенімді нығайтып, бізді жарқын болашаққа бастайды.