Особое отношение к родной земле, ее культуре, обычаям, традициям – это важнейшая черта патриотизма. Это основа того культурно-генетического кода, который любую нацию делает нацией, а не собранием индивидов.

Н.А. Назарбаев

Бесплатные шаблоны Joomla

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылған  2018 жылғы археологиялық маусымның жабылуы және Павлодар облысы киелі жерлері бойынша экспедициясының қорытындысын шығарылды.

IMG 1683

Жабылу салтанатын Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті мен Margulan Centre археолоиялық орталығы ұйымдастырды.

 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 1  жылдығына орай  және «Павлодар Ертіс өңірінің киелі ескерткіштер картасы» жобасын  іске асыру  шеңберінде  Павлодар  қаласы жоғары оқу орындарының, колледждерінің, білім беру мектептерінің оқушылары 2018 жылдың 19 сәуір күнінен бастап тарихи-археологиялық экспедицияға аттанған болатын.

IMG 1691

Бұл шара барысында «Жасыл ел» археологиялық жасағы құрылып, өңіріміздің жас зерттеушілері «Алтын  төбе» сақ қорғандары мен Қимақ қағанаты қорымдарының құпияларын  ашуға ат салысты, Margulan Centre археологиялық қазбаларына қатысып, Баянауылдың тарихи жерлеріне барды.

Шара барысында белсенділік танытқан Павлодар қаласының мектептері мен колледждері және олардың оқушылары мен белсенді студенттері марапатталады. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы ретінде «Павлодар Ертіс өңірі киелі жерлеріне экспедиция» атты видеоролик көрсетіліп, шараның негізгі атрибуты – археологиялық жұмыстың «Күнделігі» ПМПУ Margulan Centre-іне беріледі.

  

2018 жылдың 24 мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша оқитын студенттеріне Павлодар мемлекеттік педагогикалық универcитетінің Margulan Centre-не экскурсия өткізілді.

ekskursia-v-istoriyu-2

 

Олар қорлардың жұмысымен, мұражай қорының құжаттарымен танысты, сондай-ақ XVIII ғасырының беделді саясаткері Сұлтанбет-сұлтан баһадүрдің үй-жайын тамашалады. Экскурсия барысында студенттер пайдалы ақпарат пен жаңа білімге ие болды.

ekskursia-v-istoriyu-1